Ауғанбай Қайырбайұлы Тоқанов

Ауғанбай Қайырбайұлы Тоқанов 1916 жылы, ШҚО, Күршім ауданында дүниеге келген. Қызыл әскер қатарына шақыртылмай тұрып, небәрі 17 жасынан бәрі Күршім ауданының комсомолдық ұйымының хатшысы қызметін атқарған. 1940 жылы ақпан айынан бастап, әскери қызмет қатарына қосылған. Шақырту орны: Қазақ КСР-і, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Күршім аудандық әскери комиссариаты. Ауғанбай Қайырбайұлы 6-шы гвардиялық армияның «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған 200-ші атқыштар дивизиясының 661-ші атқыштар полкінде өзінің отан алдындағы әскери борышын өтеген.
Сұрапыл соғыста көрсеткен ерлігі үшін Қызыл жұлдыз, Ұлы Отан соғысы ордендерімен және ерлігі үшін, жауынгерлік еңбегі үшін медальдарімен марапатталған.
200-ші атқыштар дивизиясының құрамында 1941 жылы Украинаның оңтүстік-батыс алқаптарында әскери қозғалысын бастап, Киев және батыс Украинаның қорғаныс операцияларына байланысты жоспарларды жүзеге асырып, 1942-1943 жылдары көлемінде Беларусь мемлекетінің аумағын толықтай қамтып, 1943-1944 жылы Ресейдің солтүстік-батысындағы Фролово, Псковск көлдерінде, Ловать өзенінде өткен шайқастарға қатысып, 1944 жылы күз айларында Латвия мен Литвада Берзе, Дубиса өзендеріндегі сұрапыл шайқастарды басынан өткерген. Ауғанбай Қайырбайұлы Кеңес-Фин соғысына да қатысқан.

Қыпшақбаев Кәрібай Қыпшақбайұлы

1912 жылы Көкшетау облысы, Қызылту ауданы, Ұялы ауылында туған. 1942-1946 жылдар аралығында еңбек әскері қатарында жұмыс атқарды.

Мен өз Атаммен мақтанамын, себебі Ұлы Отан соғысы жылдарында тыл жұмыстарына белсене араласып, Кеңес одағының жеңіске жетуіне елеулі үлес қосты.

Исанов Хамза Исанұлы

photo_2023-05-04_18-16-38.jpg

1941 жылы Отанымызды қорғауға алғашқылардың бірі болып аттанған. Алматыда 100-атқыштар бригадасы құрылып, осы бригаданың құрамында соғыстың алғашқы үш жылында Ржев қаласында құрылған армияның құрамында соғысқа қатысып, Мәскеуді қорғады. Сұрапыл соғыс шайқасының бірінде аяғынан қатты жарақат алып, оқтың жарқыншағы өмірінің соңына дейін денесінде қалды

Іздібев Шәрібек

1942 жылдың көктемі Сол жылы Шәрибек колхоз басқармасының төрағасы болатын. Бұл кезде оның көптеген достары мен жолдастары майданға аттанып, от пен судың ішінде жүрген-ді. Кейде сол жолдастарының үйіне қара қағаз келіп, жанұя мүшелерінің белін қайыстырып жіберетін. Ол кезде әйелдер, жас балалар, қариялар – бәрі де «Майдан үшін, Отан үшін!» деп тынымсыз еңбек ететін. Өздері аш-құрсақ, жұпыны киініп жүрсе де жұмыстан қалмайтын.
Бір күні Шәрібек әке де құрбы – құрдастарының артынан аттануға жиналды. Арнайы бронмен қалдырылған Шәрібек әке патриоттық сезіммен өзі сұранып, 1942 жылдың 15 маусым күні соғысқа аттанады. Сонан кейін Тоцкий лагерінде дайындықтан өтеді. Шәрібек әке Бугурсландағы жасақталып жатқан № 381 дивизияға қосылып, Сталинград майданына соғысқа аттанады. Майданда жүріп жараланған ардагер әкеміз Қандыағаш госпиталында емделіп шығады. Алты айдай емделген соң тағы да майданға аттанады.
1943 ж Воренеж облысы Мецкий станциясынан түсіп, Харьков, Полтава облысына жақындағанда біздің армия шегініп, көне Белградқа келеді. Ол жерде жерлесі Жанаев Нұрмағанбетке кездесіп, сағынып көріседі. Белград қаласын қорғау үшін ұрыста немістер шабуылына төтеп беріп оларды шегіндіріп қуады. 6 маусым күні Белградты неміс фашистерінен босатып, Петихаткі және Кривой Рог қаласында болған ұрыстарға қатысады. 1944 ж армияны толықтыру үшін алғы шепке жіберіледі.
1944 жылдың тамыз айында 11-ші майдан құрылып, Кишинев-Яссы бағытымен шабуылға шығады. Қала мен селоны жаудан босатып, Румыния астанасы Бухарестке 25 шақырым жер қалғанда, Шәрібек әке үш жерінен ауыр жараланып, әр жерлердің госпиталдарында жеті ай емделіп шығады. Соңғы емделген жері – Ставрапольский өлкесінің Железноводск қаласы.

Мұқашев Серғали Халтусұлы

photo_2023-05-04_17-15-30.jpg

Тынық мұхит экипажы-шофер 10.1942-02.1946
19 қойма-шофер 02.1946-03.1946
1946 жылдың 7 наурызында денсаулық жағдайы бойынша запасқа шығарылды.
Ұрыс – 19 Тынық мұхит флотының авиациялық қоймасы 03.08. – 03.09.1945

Ханзада Әуесбаев

1941соғысқа аттанған.Курск доғасындаХарковте қырғын майданда болған.Ордер өзенінен өткен жауынгердің бірі.Курск түбегіндегі шайқаста снярад ұшқыны қолына тиіп жараланады.Госпитальда емделіп,қайта майланға аттанады.1945 жылы аман-есен елге оралады.

Пангерей Дощанов

photo_2023-05-04_16-52-53.jpg

Жас ұрпаққа саналы білім берудегі ұзақ жылғы еңбегі үшін Пангерей Дощановқа 1955 жылы Қазақ ССР Оқу министрлігі «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» значогімен марапаттады.
1965 жылы «ҰОС жеңісінің 20 жылдығына», 1970 жылы Владимир Илич Лениннің туғанына 100 жылдығына орай «Қажырлы еңбегі үшін», 1975 жылы «1941-1945
ж.ж.ҰОС Жеңісіне 30 жыл», 1977 жылы «Еңбек ардагері» медалімен, 1978 жылы
«КСРО қарулы күштеріне 60 жыл», 1985 жылы «1941-1945 ж.ж. ҰОС Жеңісінің 40 жылдығы», 1988 жылы «КСРО қарулы
күштеріне 70 жыл», 1995 жылы «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 50 жылдығы», 1997 жылы «Кеңес Ода-
ғының Маршалы Г.К.Жуков» медальдарымен марапатталған.
Жылдар жылжып өтіп жатыр, бірақ біз соғысқа қатысқандарды ешқашан
ұмытпаймыз”-деп жазған шәкірті, сол кездегі білім бөлімі басшысы Қилыбаев Асқар Төлегенұлы 2015 жылы “Мәртөк тынысы” газетінде.
2015 жылы Ақтөбе газетіне қызы Ғалия Пангерейқызы мақаласынан: 1945 жылдың соңында ғана елге аман-есен оралған Пангерей Дощанов бәріне тәубе етіп, бір жылдан соң отбасын құрды.
40 жыл ұстаз болған майдангердің білім саласында да жетістіктері бағаланып, түрлі марапаттарға ие болды. Соның бірі — 1965 жылы берілген «Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі» белгісі.

Дощанов Пангерей

photo_2023-05-04_16-48-06.jpg

Мәртөктік соғыс ардагері, ұлағатты ұстаз болған Дощанов Пангерей 1917 жылы 20 маусымда Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Жаңатаң ауылының, Шаруа жерінде дүниеге келген. Білімі жеті кластық, 1939 жылы Ақтөбе педагогикалық институты I курсында армия қатарына алынды.
Сержант Дощанов Пангерей Ұлы Отан соғысы басталғаннан Армия қатарында болды. 1941 жылдың 22 маусым мен 20 тамыз аралығында 603 атқыштар құрамында алдыңғы шепте Минск арқылы ,Смоленск , Москваға дейін жауға қарсы қайтпас ерлікпен шайқасты.
Минск қаласынан Смоленскіге біздің жауынгерлеріміздің жылжуынан ол өз тобымен бірнеше рет барлауға шығып, жау туралы құнды анықтама алып отырды.
1941 жылдың 12 тамызында сержант Дощанов Пангерей және топ құрамының қырағы бағыттағы бақылауында болып, жаудың асқан күші және артық техникасына қарамастан, оның ойындағыдай, батальон соққыдан құтылып, қарсы жау үлкен адам шығынына ұшырады.
1941 жылдың 20 тамызында сержант С.Дощанов құрамында болған батальон Смоленск облысының ,Мотово пункті үшін ерлікпен , ұзаққа созылған шайқас болды. Сол майданда сержант С.Дощанов оң қолынан сүйекке өткен ауыр жарақат алады.
Госпиталдан жазылып шығып, алты ай үй демалысынан кейін сержант Дощанов 22-ші инженер –аэродром батальон құрамында Сталинградқа жақындап келіп, ауыр майдан жағдайында, қарсы жақтың артиллерия және әуе бомба атқыштар астында ,түнгі уақытта алдыңғы шепте –«Светлый Яр»,«Холодное»,«Прохладное» ,«Котельник» аэродромдарында сапқа тұрды.
1943 жыл 196 аэродром-техникалық ротасы.Осы жыл аралығында сержант Дощанов өзін тәртіпті кіші командир ретінде көрсете білді.Майданда бұйрықты уақытында адалдықпен абыройлы орындайды. 1943-1944 жылдары қыс мезгілінде қар басып қалмас үшін күрес «Рудня», «Березка-2» аэродромында сержант П.Дощанов топ құрамымен өнімді 120-125 пайызға асыра орындайды.
«Рудня», «Березка-2» аэродромын соғыс жағдайына дайындау бұйрығымен, ұшу алаңын көктемнің еріген уақытында мұзды жару және шығару жұмысын барлық жеке құрам батальондары орындады.

Бектасов Ахмет

Атама ұқсап өсемін

Адамзат тарихында Жеңістер көп. Бірақ солардың ішінде мән-маңызы жөнінен биік тұратыны – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс. Биыл 2023 жылы осынау Ұлы Жеңіске 78 жыл толып отыр. Бұл дегеніміз біздің бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқанымызға 78 жыл! Сондықтан жыл сайын біз 9 мамыр күні соғыстың куәгерлері-майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрметімізді білдіріп, соғыста қаза тапқандардың рухына бас иеміз.
Осындай сұрапыл соғысты өз көзімен көріп, Жеңіс туын желбіретуге ат салысқандардың бірі менің атам Бектасов Ахмет деп мақтанышпен айта аламын.
Менің атам Бектасов Ахмет – 1921 жылы бұрынғы Ленин (қазіргі Тұрмағамбет) ауылында дүниеге келген. Еңбекке жастайынан араласып, ерте есейді. Ұлы Отан соғысы басталғанда жиырма жасқа толған Ахмет атам 1941 жылдан 1942 жылдың мамырына дейін қысқа мерзімді курстарда оқып, әскери даярлықтан өтіп шығады. 1944 жылы соғыс жүргізіп бара жатқан жолында аяғынан жарақаттанып, госпиталға түседі. Содан кейін военкоматқа жұмысқа орналасып, соғыс аяқталғанша военкоматта жұмыс атқарады. Майор атағын алған. Осы жорықтың белгісіндей өңіріне «Қызыл жұлдыз» орденін, «Жуков» атындағы медальмен, «Жеңістің 30 жылдығы», «Жеңістің 40 жылдығы», «Жеңістің 50 жылдығы» медальдарымен, Ұлы Отан соғысы орденін тағып, көптеген медальдармен марапатталды.
Бейбіт еңбекке оралғаннан кейін Бектасов Ахмет атам ауыл балаларын сауаттандыру мақсатында мұғалімдік жұмысына бел шеше кірісіп кетеді. Осы жылдары көптеген қызметтер атқарып, зейнеткерлік демалысқа шығады. Өмірлік зайыбы, менің әжем Ұлбосын екеуі төрт ұл мен бес қыз тәрбиелеп өсіреді, бәріне де жақсы, өнегелі тәрбие беріп, азамат қатарына қосты. Артында осындай өнегелі ұрпақ қалдырған майдангер атам 2006 жылдың 1 мамырында мәңгілік сапарға аттанып кетті.
Атамды қатты сағынамын. Атам мен үшін қашан да ең жақын, ең сүйікті жан, әрі ер тұлға болып қала береді.

Немересі Жангелдинқызы Гүлсая
№29 мектептің 8 сынып оқушысы

Асқаров Әбдікен

Асқаров Әбдікен