Асербаев Агниет

1941- 1945 жыл Ұлы Отан соғысына қатысқан

Тіржанов Баттал

img_20230505_122130_306.jpg

Менің атам Тіржанов Баттал Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында 1917 жылы 9 мамырда дүниеге келген. 1937 жылы Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге Совет армиясы қатарына алынды. Азаматтық борышын өтеп елге оралғалы тұрған сәтте 1939 жылы ФИН соғысы басталады. 1939 жылы қыста Совет одағы Финляндияға басып кірді. Ол азаттық қысқы соғыс деген атаумен тарихқа енді. Совет билігі Сталин 60 жасқа толатын желтоқсанның 21-не дейін соғысты аяқтап, еш қиындықсыз жеңіске жетеміз деп жоспарлаған-ды. Алайда олай болмады. Ақыр соңында қызыл армиядан жеңілгенімен, 3,7 миллион тұрғыны бар Финляндияелі басқыншыларға қатты қарсылық танытты. Кескілескен шайқастар бірнеше айға созылып, СССР орасан зор шығынға ұшырады. Совет әскері көктемде соғыстан титықтаған финдеге қарсы шабуылға шығып, 1940 жылы Выборг қаласының маңайын басып алды. Финдер СССР қойған қатаң шарттарға көніп, бітімге келуге еріксіз мәжбүр болды. Баттал Тіржанов сол Фин соғысына қатысып, ерекше ерлігімен көрініп, 1940 жылы Мәскеу қаласындағы Кремльде Михаил Иванович Калининнің қолынан «Қызыл жұлдыз» орденін алды.
Баттал Тіржанов Фин соғысы аяқталып, елге оралып, бейбіт еңбекке жаңа араласа бастаған сәтінде Ұлы отан соғысы басталған еді. Ол майдан даласына өз еркімен, жүрек қалауымен Отанын қорғау үшін аттанды. Украина, Ленинград майдандарында пулемет взвод командирінің орынбасары болды. 1942 жылы Ленин партиясының қатарына өтті. 1944 жылы Лининград майданында көрсеткен жауынгерлік ерлігі үшін екінші рет Михаил Иванович Калининнің қолынан «Қызыл жұлдыз» орденін алды. Әскери командованияның талай рет алғысына ие болып, бірнеше медальдарды омырауына тақты.
1945 жылы Ұлы Отан соғысының жеңісінен кейін елге аман-есен оралып, колхозда бригадир, ферма меңгерушісі, колхоз председателі секілді көптеген жауапты жұмыстарды атқарды.Көпті көрген, түйген-білгені көп Баттал «Жаңа қоныс» совхозында ферма басқарушысы қызметін ұзақ жылдар бойы абыроймен атқарды. Кейін совхоз директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары болып қызмет істеп, сол саладан 1977 жылы зейнеткерлікке шықты. Отан үшін отқа түсіп, елі үшін аянбай еңбек етіп, отбасына да барынша қамқор болған азамат зайыбы Орынша екеуі 8 бала тәрбиелеп өсірді.

Досымбеков Әлмаханбет

img-20230504-wa0013.jpg

Досымбеков Әлмаханбет 1918 жылы мамыр айының бірінші жұлдызында Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келген. Шу ауданының қазақ орта мектебін бітіргеннен соң, Шымкент педагогикалық институтына оқуға түскен. 1939 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды, сол жерден соғысқа аттанды. Калининград майданында соғысқан. Мәскеу түбіндегі шайқастарға қатысқан. 1943 жылы қаһармандық пен өшпес ерлiгі үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталды. Барлық медальдары Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылындағы мұражайда сақтаулы, оның ішінде: медаль «За победу над Германией в Великой отечественной войне 1941-1945 гг.», медаль «За взятие Кенигсберга», медаль «За победу над Японией» және көптеген медальдар. Соғыс зардабы кім – кімге де ес жиғызған жоқ. 1945 жылы соғыс аяқталса да, соғыстан кейінгі уақыт ең қиын кезеңдердің бірі болды. Соғыс біткен соң армия қатарында қызмет еткен. Елге 1947 жылы оралған. Ең жоғары лауазымы «Старший оперуполномоченный МГБ СССР» болған. Шымкенттегі мемлекеттік мұғалімдер институтын 1957 жылы толық курсын мамандығы бойынша бітіріп шықты. Соғыстан кейінгі жылдардағы қызметтері тергеуші, сот, аудандық газеттің редакторы, әр жылдары басылымды басқарған, Шу ауданының білім бөлімін басқарған, интернат пансионатының директоры болып қызметтер атқарған. Досымбеков Әлмаханбет 1977 жылы 19 маусымда дүниеден өтті. 9 бала тәрбиелеп өсірген.
1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысының ардагері.
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды…
05.05.2023 жыл.

Ахметжанұлы Құлсары

қ.ahmetzhanov-1-1.jpg

49-армияның 238 гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамында Москваны жаудан қорғауда ерлік көрсеткен

Қожагелдиева Шайбай Өсербайұлы

img-20230505-wa0000.jpg

Тыл еңбек ардагері Қожагелдиев Шайбай Өсербайұлы 1929 жылдың 1 мамырында Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, (Көктерек) Амангелді елді мекенінде дүниеге келді. 1936 -1942 жылдар арасында Ақдала жеті жылдық мектепте оқыды. 1942 – 1945 жылдары колхозда әр түрлі жұмыс атқарды. Колхозда егін егуге көмектесті, мал бағуға көмектесті. Колхозда ер азаматтарды соғысқа алып кетуіне байланысты, колхозда егіннің басында жүріп көмектесті. Ел тағдыры сыналған сұрапыл соғыс сәттерінде қызу еңбек арқылы алыстағы ағайын әр сарбазға жылуын сездіріп, жігер берді. 1947 жылы аудан орталығында бухгалтерлік курсты тамамдап, 1947 -1948 жылдары Октябрь колхозында санақ жүргізуші боп еңбек етті. 1948 жылдан Талдыөзек мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасты. Арасында 1951 – 1953 жылдары Жамбыл педагогикалық училишені оқып, аяқтап, кейін сырттай “Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында” оқып жоғарғы білім алды. Қожагелдиев Шайбай “Еңбек”, “Амангелді”, “Фурмановка”, “Қарл Маркс”, “Киров” мектептерінде жұмыс істеп еңбекқорлығы арқасында “Ұлағатты ұстаз” атанды. 1970 – 1992 жылға дейін математика пәнінің мұғалімі қызметін атқарды. 1989 – 1990 жылдары “Ерен еңбегі” үшін Мақтау қағазы. “Үздік педагог” төс белгісі. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша “1941 – 1945 жылы Ұлы Отан соғысы жеңісінің 50 жылдық” медалі. 2004 жылы “Қазақстан Тәуелсіздігіне мерекелік” медалі мен марапатталды. 2005 жылы “Бірлік ауылының Құрметті азаматы”. 2010 жылы “Ұлы жеңістің 65 жыл” медалі мен марапатталды. Жары Шынжарбекқызы Анаркүлмен жанұяларында 10 қыз, бір ұл мәпелеп өсірді.
Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл ардагерлерінің бүгінгі ұрпақ үшін жасаған ерлігі мен еңбегіне мың тағзым.

Тылда еңбек еткен Мамбекова Разия Аманқызы

whatsapp-image-2023-05-04-at-23.20.26-1.jpeg

1941жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. анасымен 4жастан бастап тылда еңбек еткен. кәзіргі кезде он баланың анасы,батыр ана

Үсембаев Аман

1943 жылы хабар ошарсыз кеткен. соңғы хат Новосибирскіден келген

Ақмырзаев Мылтықбай

img20210415_19102008.jpg

1942 жылы Қармақшы әскери комиссариаты арқылы әскерге алынды.
1942 жылы тамыз айында Ладога көлі арқылы Ленинград қоршауына кірді. №946 атқыштар полкі автоматшылар ротасының бөлімше командирі сержант Ақмырзаев Мылтықбай Карель майданында жараланып, Ленинград госпиталынан шыққан соң жорық жолын ІІ Прибалтика майданында жалғастырды.
Нарва,Рига,Курляндия бағыттарында станокті пулемет қаруының командирі, полк барлаушысы болып ерлікпен соғысты.
Ақмырзаев Мылтықбай «Қызыл жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан» соғысы ордені, 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін медаль, алғыстармен мадақталған.

Жуанышев Мускен

59f32533-5ca6-4d4b-8248-bd5fa4081166.jpg

МЕНІҢ АРҒЫ АТАМ ЖУАНЫШЕВ МҮСКЕН 1911 жылы сол кездегі Жезқазған облысы Шет ауданында дүниеге келді. Қазіргі Шет ауданы Нұраталды ауылында тұрған.
1941 жылдың тамыз айында соғысқа аттанды. 4 жарақат алды .
Қызыл әскер әскери атағында 830 артиллериялық полк (II) 305 атқыштар дивизиясы 1 Украиналық фронт бөлімінде қызмет етті.
Әскер құрамында 10.10.1942 — 11.05.1945 аралығында қызметте болды.

1944 жылғы 20 қарашадағы №067/Н бұйрық КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының атынан “Ерлігі үшін” медалімен марапатталды.
Марапаттау қағазында : «1944 жылдың 21 қазанынан бастап Карпат үшін шайқаста өзін тәжірибелі және батыл артиллерист ретінде көрсетті. Бұл шайқастарда Жолдас Жуанышев төрт пулемет пен 40-қа жуық неміс сарбазын жойып, екі пулемет пен жаудың бір 106 мм артиллериялық батареясының атысын басып, біздің жаяу әскердің алға жылжуын қамтамасыз етті. Қызыл армияда 1941 жылдың тамыз айынан бастап 4 рет жарақат алған» деп жазылған. т.б. марапаттарға ие болған.

Аманов Сейтжан

whatsapp-image-2023-05-04-at-22.17.29.jpeg

Ұлы Жеңіс күнін жақындату үшін аянбаған, талай қиындықты бастан өткерсе де, мойымаған жандардың бірі менің үлкен атам – Аманов Сейтжан. Сейтжан ата 1923 жылы дүниеге келген. 1942 жылы 19 жасында мамыр айында майданға аттанып, Каланин майданында болған. Соғыста 3 рет жараланып, Уфа қаласында әскери ауруханада бірнеше ай емделген. Соғыстан ауылға 1944 жылы оралған. Атам 2011 жылы 88 жасында өмірден озды. Жеңіске себепкер болған, бізге бейбіт күнді сыйлаған майдангер атамның ерен ерлігін ұмытпаймын., тағзым етемін. Болашақ ұрпағыма да зор мақтанышпен жеткіземін деп ойлаймын.