Іздібев Шәрібек

1942 жылдың көктемі Сол жылы Шәрибек колхоз басқармасының төрағасы болатын. Бұл кезде оның көптеген достары мен жолдастары майданға аттанып, от пен судың ішінде жүрген-ді. Кейде сол жолдастарының үйіне қара қағаз келіп, жанұя мүшелерінің белін қайыстырып жіберетін. Ол кезде әйелдер, жас балалар, қариялар – бәрі де «Майдан үшін, Отан үшін!» деп тынымсыз еңбек ететін. Өздері аш-құрсақ, жұпыны киініп жүрсе де жұмыстан қалмайтын.
Бір күні Шәрібек әке де құрбы – құрдастарының артынан аттануға жиналды. Арнайы бронмен қалдырылған Шәрібек әке патриоттық сезіммен өзі сұранып, 1942 жылдың 15 маусым күні соғысқа аттанады. Сонан кейін Тоцкий лагерінде дайындықтан өтеді. Шәрібек әке Бугурсландағы жасақталып жатқан № 381 дивизияға қосылып, Сталинград майданына соғысқа аттанады. Майданда жүріп жараланған ардагер әкеміз Қандыағаш госпиталында емделіп шығады. Алты айдай емделген соң тағы да майданға аттанады.
1943 ж Воренеж облысы Мецкий станциясынан түсіп, Харьков, Полтава облысына жақындағанда біздің армия шегініп, көне Белградқа келеді. Ол жерде жерлесі Жанаев Нұрмағанбетке кездесіп, сағынып көріседі. Белград қаласын қорғау үшін ұрыста немістер шабуылына төтеп беріп оларды шегіндіріп қуады. 6 маусым күні Белградты неміс фашистерінен босатып, Петихаткі және Кривой Рог қаласында болған ұрыстарға қатысады. 1944 ж армияны толықтыру үшін алғы шепке жіберіледі.
1944 жылдың тамыз айында 11-ші майдан құрылып, Кишинев-Яссы бағытымен шабуылға шығады. Қала мен селоны жаудан босатып, Румыния астанасы Бухарестке 25 шақырым жер қалғанда, Шәрібек әке үш жерінен ауыр жараланып, әр жерлердің госпиталдарында жеті ай емделіп шығады. Соңғы емделген жері – Ставрапольский өлкесінің Железноводск қаласы.

Әскердегі тегі 1910

Атағы