Жүнісов Солтан Жүнісұлы

img-20230505-wa0108.jpg

1926 жылы 25 қыркүйекте Ақтоғай ауданы Әбжан ауылында дүниеге келген.
Соғыстың төрт жылы ішінде ол жаяу қыруар жер, бірнеше мың километр жол жүрді. Ресейде, Чехословакияда, Австрияда, Германияда болуына тура келді. Вена, Прага, Будапешт сияқты қалаларды, сондай-ақ Кеңес Одағының көптеген елді пунктерін азат етісті. Соғыстың соңына қарай ол өзінің полкымен Герман шекарасынан өтіп, өзі жараланған соңғы ұрыс болған Берлинге дейін жетті.

Ақназаров Жаңақұл

Сталинград түбіндегі шайқасқа қатысқан, сол жерде жараланған

Тлеуқабыл Абеуұлы

1917-1944 жж.
Ұлы Отан соғысының ардагері
1944 жылы Литвада қаза тапқан. 1941 жылы Литва жерін неміс басқыншыларынан қорғап, азат ету ұрыстарына 156 атқыштар дивизиясының 434 артелистер полкінің взвод командирі болып қатысқан.

Қазанғап Омарұлы

1905-1974 жж
Ұлы Отан соғысының ардагері.
1941 жылы Ұлы Отан Соғысына алынып батысқа аттанады. Харьков қаласында жасақталған полк құрамында жауға қарсы ұрысқа кіріседі. 1944 жылы ауыр жарақат алып, елге мүгедек болып оралады.
За отвагу, За взятие Берлина, Ұлы Отан Соғысына 10, 20 жыл медельдарімен мараппатталған.

Жолжанов Уәли Жолжанұлы

uali-ata.jpg

1919-1999 ж.ж.
Ұлы Отан соғысы ардагері.
1919 жылы 1 мамырда Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Қарақұдық ауылында туған. Ұлы Отан Соғысының ардагері.
19 жасында майданға аттанған. Украина майданында пулеметші болған. 1945 жылы оң қолынан жарақат алып, госпитальда болып, 1947 жылы елге оралған. II дәрежелі Отан соғысы орденімен, «За победу над Германией» медальіиен мараппатталған.

Төлебаев Ескендір

Псков түбінде шайқаста жараланған

Жұматаева Қалдыгүл

inbound1822338521916469699.jpg

Ұлы Отан соғысы кезінде тылда еңбек еткен.

Смағұлов Қайырғали

photo_2023-05-05_15-20-00.jpg

Қайырғали Смағұлов – 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, кіші лейтенант, қазақ. Кеңес әскері қатарына 1939 жылы шақырылған. 1941 жылдың маусымынан Солтүстік Кавказ майданы 18-армия 318-атқыштар дивизиясы 1339-атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Оның айрықша қайсарлығы, әсіресе, Керчь түбегіндегі ұрыста байқалды. Десантшы жауынгерлерден құрылған 20 сарбаз 44 күн бойы жау қыспағына төтеп берген. Смағұлов жеке өзі Ельтиген (Украина, Қырым түбегі) қыстағы үшін болған ұрыста жаудың 20-ға жуық әскерін жойған. Смағұловқа батылдығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (17.11.1943). 1946 жылы запасқа шықты. 1950 жылы Алматыдағы партия мектебі жанындағы курсты бітірген. 1955 жылы №12 кәсіптік-техникалық училищесінің директоры қызметін атқарған. Батырдың өмірі мен ерлігі Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» шығармасына арқау болған.

Соғыстан кейінгі жылдары аймақтың әлеуметтік қамсыздандыру жұмыстарына басшылық жасады. 1963-1973 жылдар аралығында Атырау университетінде Азаматтық қорғаныс кафедрасында еңбек етті.

Теңдік атындағы (Атырау қалалық әкімдігі аумағында) орта мектепке Смағұловтың есімі берілген. Ленин, l-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған

Есжанов Ерғали

Ерғали Есжанов Майлықұм ауылында 1915 жылы туған. 1940 жылдан 1943 жылға дейін Қызыл Ту ауылдық кеңесінің хатшысы, 1943 жылы соғысқа аттанып, басқыншы жауды өз ұясында талқандауға дейінгі қиян-кескі ұрыстарға қатысады. Ұлы Жеңістен бір жылдан соң елге оралады. Соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңінде Ташкент ауыл шаруашылығы институтында оқыды. Оны бітіргеннен соң Шымкент облысының Сарыағаш ауданында агрономдық қызмет атқарды. 1967 жылы туған жерге оралып, Қызылорда облыстық шегірткеге қарсы күрес экспедициясының Тереңөзек ауданы бойынша бөлім бастығы болып еңбек етті. Ұлы Отан соғысының ардагері, атақты бағбан, агроном Ерғали Есжанов ауданның «Серікбай» түбегінде тұңғыш жеміс бағын ашты. Туған жердің көркеюіне, гүлденуіне елеулі үлес қосты. Ерғали Есжанов Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері үшін көптеген орден, медальдармен марапатталған.
Ағайынды жауынгерлердің бүгінде ұл-қыздары, немере-шөберелері ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, түрлі салада абыройлы еңбек етуде.

Құлғазиев Қуанышбай Құлғазыұлы

1926ж 11 тамызда дуниеге келген.1944ж 18 жасында аскер катарына шакыртылып,1945ж согыс майданына жиберилген. 1946-1947ж Моголиямен Кытай шегарасында кызмет еткен.1948 ж Кызылорда каласында мемлекеттик кауипсиздигинде жумыс жасаган.