Асқаров Әбдікен
Асқаров Әбдікен
Асқаров Әбдікен
Қармақшы ауданы, Қызылтам станциясында дүниеге келген. 1943 жылы Қырғызстанның Беловодск қаласында авиаучилищесінде төрт ай оқып мотарист, соғыс құрал саймандарының маманы болып шықты. 1943 жылы қыркүйек айында соғысқа аттанып, Калуга станциясында № 128 Қызыл Армия гвардиясы атты бомбылаушы-атқыштар полкында болды.
Адамов Балтабек Адамұлы (1925-2009)
1925 жылы 25 желтоқсанда Еңбекшілдер ауданы, Мәдениет ауылында дүниеге келген. Орта жүздің Арғын тайпасының Атығай руынан шыққан Төлек батыр мен Байман бидің ұрпағы болған ол өз отбасының тұңғышы,жалғыз ұлы еді. Сондықтан,үйінің бар ауыртпашылығы оған жүктелген.
1941 жылы жерімізге Гитлер бастаған неміс фашисттері басып кіргені бәріне аян. Бұл оқиға Кеңес Үкіметінің әрбір отбасын есенгіреткені анық. Ол оқиға біздің отбасымызды да айналып өтпеді. 1943 жылы жасы 18-ге де толмай Отанымызды қорғау үшін әскер құрамына кіріп, соғыс болып жатқан жерлерді жау қолынан азат ету үшін сол жерлерге аттанады. Украина, Закавказье және Балқан мемлекеттерінің аумағында артиллерист болып соғысты. Артиллериялық қару-жараққа жауап беретін құрамның, артиллерия дивизионының батареясының командирі болған. Украина, Болгария, Венгрия мемлекеттерінің аумағын азат етті. Соғыс аяқталғаннан кейін де фашисттердің ел аумағына қайта басып кіру қауіпі сейілмеді. Сол себепті де, 1950 жылға дейін майдан даласында әскери қызмет атқарып, араға 8 жыл салып Еңбекшілдер ауданы, Кішкентай ауылындағы үйіне оралды. Ұлы Отан соғысының ардагері ретінде бірталай медальдармен марапатталған. Бүгінде олар біз үшін мақтаныш, баға жетпес қазына.
Елге оралғаннан кейін Степняк қ. «Каззолото» мекемесінде цех басшысы, орман шаруашылығы саласында қызмет атқарды.
Нағима әжеммен шаңырақ көтеріп, 6 бала тәрбиелеп өсірді. Соғыста көрген қиыншылықтарын еш уақытта есінен шығармаған атам, әрдайым балалары мен немерелерін бейбіт заманның қадірін түсіне білуге үйрететін еді.
Ел басына күн туып, толарсақтан саз кешкен ауыр кезеңде Отан үшін от кешкен, Жеңістен кейінгі қиындықтарға қабырғасы қайыспай, туған жерді түлетіп, бейбіт еңбекте де ерен ерлік танытқан атамызды біз әрдайым сағынышпен еске алып, құрметтейміз! «Жақсының аты өлмейді»,-деп дана қазақ халқы айтқандай, атамыздың есімі мен ерлігі мәңгілікке жадымызда қала бермек!
.
Нұрғали Есжанұлы Майлықұм ауылында 1914 жылы дүиеге келген. Көзі ашық, алғыр жас еңбек жолын 16 жасында Ташкент ағарту қызметкерлері Одағында №20 жергілікті комитеттің мұғалімі болып бастайды. Көп ұзамай осы Одақтың кәсіподақ комитетінің төрағалығына сайланады. 17 жасында «Правда Востока» газетінің тілшісі болады. Жалынды жас әр жылдарда Орта Азия ОК, Өзбек ССР Орталық атқару комитетінің, Орта Азия ВЦПС бюросының мүшесі болып сайланады. 1935 жылы туған жерге оралып, 1938 жылға дейін Майлықұм бастауыш мектебінің, 1939 жылға дейін Қызылөзек 7 жылдық мектебінің директоры болып жұмыс жасайды. 1937 жылы КСРО-ның «Еңбекте ерекшеленгені үшін» медалімен марапатталып, сыйлыққа Мәскеуден патефон келеді. 1939 жылы Қазанда Кеңес Армиясы қатарына шақырылады. Әскерде аға лейтенант шенін алған Нұрғали Есжанұлы Өтеков Сібір №129 атқыштар полкінің рота командирі болады. 1942 жылдың қысында «қанды қасап» атанған Сталинград майданында шайқасады. Көптеген кескілескен ұрыстарда ротаны жауға бастаған Н.Есжанұлы ерлігі үшін бірінші, екінші дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл жұлдыз» ордендерімен және «Сталинградты азат еткені үшін» барлығы отыз шақты орден, медальдарымен марапатталған. 1943 жылдың қысында кескілескен ұрыс кезінде командир сол аяғынан ауыр жарақат алып, далалық госпитальде емделеді. Дәрігерлердің қорытындысы бойынша соғысқа жарамсыз деп танылып, елге қайтарылады. Туған жерде бейбіт өмірдегі мамандығын қайта жалғастырады. Молотов, Шымбөгет жеті жылдық, Калинин атындағы орта мектепті, Тереңөзек аудандық халық ағарту бөлімін басқарады. Бірнеше жыл туған ауылында Қызыл Ту ауылдық кеңесінің депутаты болып сайланып, ауылдық
1941 жылы әскерге алынып, соғысқа қатысқан. 1944 жылдан хабарсыз кеткен. Кейін оның есімі Қызылту ауылдық кеңесінің кеңшар орталығындағы ескерткішке енген.
Отан соғысы ордені
Қағазов Заки 1923 жылы 1 қаңтарда Зайсан ауданының Сауыр тауы, Аршаты сайында дүниеге келген. 1944 жылы майданға аттанып, соғыста генерал Панфиловтың дивизиясында Б.Момышұлы қолбасшылық еткен полктің құрамында Белоруссия, Украина, майдандарында 317 атқыштар дивизиясының құрамында қатысты. 1950 жылы елге оралып, тыл ардагері Тапталова Батима Тапталқызымен шаңырақ көтерді. 6 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірді. Зайсан ауданының құрметті азаматы атанды. 1949 жылы берілген «Кеңес Армиясы мен Флотының ххх жылдығы», «Жапонияны жеңгені үшін», «Германияны жеңгені үшін», 2 дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордені, «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғыс» ардагері», 1997 жылы берілген Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков медалі және «1941-1945 Ұлы Отан соғысы жеңісінің 30,40,50,60,70» жылдық мерекелік медальдарымен және «Астанаға – 10 жыл» , Еңбек ері медалімен марапатталған.
Мен атаммен мақтанамын!
Қасым Қайсенов 1918 жылы сәуір айының 23 күні Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Асу-бұлақ аулында кедей шаруа отбасында туған.
Туған ауылында жетіжылдық мектепті бітіргеннен соң Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына түсіп оны 1938 жылы бітіріп шығады. Алғыр жас түлек оқуды бітіре салысымен сол жылы техникум маңынан ашылған cаяси ағарту курсына басшылық етуге тағайындалады. 1938-39 жылдары Павлодар облыстық оқу бөлімінде инспекторлық қызмет атқарады. Ал 1939 жылы әскери-барлаушылар мектебіне қабылданып ол оқу орнын 1941 жылдың күзінде бітіреді. Бұл уақытта фашист басқыншылары Отанымыздың батыстағы көп жерлерін жаулап алып қойған болатын.
1941 жылдың караша айында ол Оңтүстік-батыс майданы штабының қарамағына жіберіліп, штабтың арнайы тапсырмасымен жау жайлаған Украина жеріне парашютпен түсіріледі. 1941-1942 жылдары Киев, Полтав облыстарында коммунистердің астыртын ұйым жұмыстарына белсене араласып Чапаев атындағы партизан құрамасын ұйымдастырысып, кейіннен сол партизан құрамасының үшінші партизан отрядына басшылық етеді.
1943 жылдың қыркүйек айының 21 күні Чапаев атындағы партизан құрамасы Совет Армиясымен қосылғаннан кейін ол тағы да жау тылына жіберіліп, төрт рет арнайы тапсырмамен Украина, Молдавия, Румыния, Чехословакия жерлерінде партизан отрядтарын басқарады. 1944 жылдың қараша айының екінші жартысында Карпат тауында партизан отрядтары 44-Украин майданы әскери бөлімдерімен қосылған соң, осы майдан әскері құрамында соғыстың соңына дейін жаумен шайқасып, 1945 жылдың басында туған еліне оралады. 1945-1946 жылдары Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумы аппаратында референт қызметінде болады, 1946-1949 жылдары Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандарында аудандық атқару комитеттері председательдерінің орынбасары, 1949-1950 жылдар аралығында ҚазССР жеңіл өнеркәсіп Министірлігінде кадр бөлімінде аға инспекторы қызметтерін атқарады. 1951-1953 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті жанындағы партиялық мектептің аудармашылар даярлайтын бөліміне оқуға жіберіледі.
Оны 1953 жылы бітірген соң ұзақ уақыт «Қазақ елі», «Жазушы», «Қайнар», баспаларында редактор, баспа директорларының орынбасарлары болып және Қазақстан Жазушылар одағында жауапты қызметтер атқарады.
Қ. Қайсенов 1957 жылдан Қазақстан Жазушылар одағына мүше.
Қ. Қайсенов қолбасшылық ордені «Богдан Хмельницкий», «Чехославакия партизаны», II, III-дәрежелі «За заслуги» және 2 рет I дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен шетелдердің және Совет Одағының медальдарымен сонымен қатар Қазақ ССР-нің, Украин ССР-ның «Құрмет грамоталарымен» марапатталған.
1995 жылы 24 сәуірде оған «Халық қаһарманы» атағы және армия полковнигі деген шен берілді. 2003 жылы Халықаралық
А. Фадеев атындағы сыйлықтың, жазушылар одағының Б. Момышұлы атындағы әдеби сыйлығының иегері болды.
Өскемен облысы Ұлан ауданының және Арқалық қаласының құрметті азаматы. Республикамызда оның атында орта, орталау мектептер, елді мекендерде оның атында көшелер бар. Мемлекеттік Шығыс Қазақстан және Қарағанды университеттерінің құрметті профессоры.
Қ. Қайсенов 2006 жылы қайтыс болған.