Әбшайықов Жақан ( Жақсылық)

1905 жылы Жаңабет ауылында дүниеге келген.1968 жылы өмірден өтті.
Жауынгерлік жолы. Куйбышев аудандық әскери комиссариатынан 1941 жылы шақырылған.1941 жыл 3 қазан айында Ресейдің Чкаловиоблысы Орск зауатында жұмыс істеді.1942 жылы 12 наурызда майданға аттанды.1942 жылы Сталинград соғысына қатысып,екі аяғынан жарықшық тиіп жараланып, 18 күннен кейін автокөлік бригадасына ауысты.Тамыз айына дейін Беларус майданында болып,Варшаваға жіберілді.Сол жерде 1945 жылдығ 4 шілдесіне дейін автокөлік бригадасында әскери ұста болып еңбек етеді.
Еңбек жолы. Қарулас жауынгерлермен бірге мехнатты жылдардың қайғы-қасіретін қатар тартқан ұста елге оралғаннан кейін өзінің көрік үйінде елдің керек-жарағы үшін темірден түрлі заттар соғып, шаруасын дөңгелеткен ақын,батагөй жан болды.

Кепешов Мубарак

1922 жылы 30 желтоқсанда Жаңабет ауылында дүниеге келген. 2005 жылдың 21 шілдесінде қайтыс болды.
Әскери атағы.Қатардағы.
Жауынгерлік жолы. Куйбышев аудандық әскери комиссариатынан 1942 жылы шақырылған. Жапониямен соғысқа 1-ші Қиыр Шығыс майданның 190-шы атқыштар полкі құрамында қатысқан. 1945 жылы әскерден қайтарылған.
Еңбек жолы. Павлодар облысы Краснокутск ауданының Жданов атындағы кеңшарында жұмыс істеген.
Марапаттары. Орден Отечественной войны ІІ степени ; медальдар : « За победу над Японией», «За освоение целинных земель» , «Еңбек ардагері» ; мерейтойлық медальдар : « Двадцать лет Победы в Великой Отчественной войне 1941-1945 гг.», « Тридцать лет Победы в Великой Отчественной войне 1941-1945 гг.», « Сорок лет Победы в Великой Отчественной войне 1941-1945 гг.», «1941-1945 жылдарда,ы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің елу жылдығы» , Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков медалі

Жантемиров Баттах

1901 жылы 13 маусымда Жаңабет ауылында дүниеге келген.1977 жылы 26 шілдеде қайтыс болды.
Жауынгерлік жолы. 1941 жылы Новосибир облысы,Қарасуық ауданына қарасты әскери комиссариаттан әскерге жіберілді.Қызылжар қаласындағы 3 айлық әскери дайындықтан өткен соң,Москва бағытындағы соғысқа жіберілді. Бұл ұрыста штабта пакет тасушы қызметін атқарған.Соғыста қолынан жараланып,госпитальға түскен.Жарақатына байланысты елге қайтарылған.Алты айдан кейін әскери комиссиядан қайта өтіп,екінші рет соғысқа аттанды.Москва түбіндегі Орск қаласындағы шайқасқа кірді.Сол соғыста ауыр жараланып,елге қайтарылды.
Еңбек жолы . Елге қайтарылғаннан кейін ел өміріне белсене араласты.Павлодар облысы, Ермак ауданына қарасты Ленин-жолы совхозында директорлық қызмет атқарды.1954 жылы Павлодар облысының Кагановиче ауданның райпотребсоюзында загатавитель боп жұмыс істеген.1974 жылы туғагн жері Жаңабет ауылына қайта оралды.

Ғабдуллин Ғали

1915 жылы 1 маусымда Жаңабет ауылында дүниеге келген.
Әскери білімі,мамандығы. Қиыр Шығыс майданының 25- ші армиясы жанындағы командалық құрамды жетелдетілген жетелдіру курсы,атқыштар взводының командирі.
Жауынгерлік жолы. Куйбышев аудандық әскери комиссариатынан 1939 жылы 1 қазанда шақырылған.Ұлы Отан соғысына 205 –ші атқыштар дивизиясының 577-ші атқыштар полкінің құрамында ; 83-ші қосалқы атқыштар полкі құрамында; атқыштар батальонының құрамында ( Оңтүстік-Батыс, 3 –ші Белорус,1-ші Балтықбойы майдандары) қатысқан.1942 жылдың тамызында 1944 жылдың шілдесіне дейін тұтқында болған.1945 жылы әскерден қайтарылған.
Еңбек жолы. Ертіс ауданының Кайманичихин,Максим Горький (ат.), Қазақ КСР 10 жылдығы атындағы кеңшарлардың толық емес орта мектептерінде, Краснокутск ауданының Чкалов толық емес орта мектебінде мұғалім,оқу ісі меңгерушісі болып істеген.
Марапаттары. Орден Отечественной войны ІІ степени, « За победу над Германией в Великой Отчественной войне 1941-1945 гг.»

Ақмаганбетов Кабен

1906 жылы Жаңабет ауылында дүниеге келген.
Жауынгерлік жолы. Куйбышев аудандық әскери комиссариатынан 1940 жылы шақырылған.Ұлы Отан соғысына жаяу әскерлер бөлімінде болған 1946 жылы әскерден қайтарылған.
Марапаттары. Орден Отечественной войны ІІ степени ,медальдар : «За освоение целинных земель» , «Еңбек ардагері» ; мерейтойлық медальдар : « Двадцать лет Победы в Великой Отчественной войне 1941-1945 гг.», « Тридцать лет Победы в Великой Отчественной войне 1941-1945 гг.», « Сорок лет Победы в Великой Отчественной войне 1941-1945 гг.»,

Темірбаев Қабдығали

1904 жылы Павлодар облысы, Куйбышев (қазіргі Ақтоғай) ауданы Жаңабет ауылында дүниеге келген.
Жауынгерлік жолы. Куйбышев аудандық әскери комиссариатынан 1941 жылы шақырылған.Ұлы Отан соғысына Украинада соғыста механик танкис болды .101- ші танк полкі құрамында соғысқан. 1945 жылы әскерден қайтарылған.
Марапаттары. Медальдар : « За победы над Германией в Великой Отчественной войне 1941-1945 гг.» ,мерейтойлық медаль : мерейтойлық медальдар : « Двадцать лет Победы в Великой Отчественной войне 1941-1945 гг.», « Тридцать лет Победы в Великой Отчественной войне 1941-1945 гг.», « Сорок лет Победы в Великой Отчественной войне 1941-1945 гг.»,

Байзельдинов Зекен

1918 жылы Жаңабет ауылында туған.1990 жылы қайтыс болды.
Жауынгерлік жолы. Куйбышев аудандық әскери комиссариатынан 1941 жылы шақырылған.Ұлы Отан соғысына 66 –шы зенитті – артиллерия дивизиясында полкі құрамында соғысқан. 1945 жылы әскерден қайтарылған.
Марапаттары. Орден Отечественной войны ІІ степени ,медальдар : «За освоение целинных земель» , «Еңбек ардагері» ; мерейтойлық медальдар : « Двадцать лет Победы в Великой Отчественной войне 1941-1945 гг.», « Тридцать лет Победы в Великой Отчественной войне 1941-1945 гг.», « Сорок лет Победы в Великой Отчественной войне 1941-1945 гг.»,

Сарсенов Рахметолла

1907 жылы Куйбышев ауданы , Жаңатап ауылында туған.
Жауынгерлік жолы. Куйбышев аудандық әскери комиссариатынан 1941 жылы шақырылған. 1 –ші Қиыр Шығыстың майданы 231 – ші атқыштар дивизиясында атқыштар батальоны құрамында болды.1945 жылы әскерден қайтарылған.
Еңбек жолы.Павлодар облысы,Краснокутск ауданында елмен бірге жұмыс істеген.
Марапаттары. Орден Отечественной войны ІІ степени,«За отвагу», «За оборону Ленинграда», «За победу над Германией

Мукушов Балтабай

1905 жылы Жаңабет ауылында туған.1975 жылы қайтыс болды.
Жауынгерлік жолы. Куйбышев аудандық әскери комиссариатынан 1941 жылы шақырылған. Ұлы Отан соғысына 114 – ші автотранспорт батальонында болған.1945 жылы әскерден қайтарылған.
Марапаттары. Орден Отечественной войны ІІ степени,«За освобождение Кеннисберг», «За взятие Берлина».

Нығманов Қимадиден

1924 жылы 11 қаңтар күні Павлодар облысы Краснокутск ауданы Чкалов атындағы совхоздың үшінші бөлімшесінде туған. 1980 жылы қайтыс болды
Жауынгерлік жолы. Куйбышев аудандық әскери комиссариатынан 1941 жылы шақырылған. 2 – ші Қиыр Шығыс фронтының Қызыл ту және Кутузов орденді 5 -ші армияның 190 атқыштар дивизиясының 112 – ші атқыштар полкінің арудия командирі болған.
Марапаттары. Орден Отечественной войны ІІ степени , «За победу над Германией»,мерейтойлық медальдар : « Двадцать лет Победы в Великой Отчественной войне 1941-1945 гг.», « Тридцать лет Победы в Великой Отчественной войне 1941-1945 гг»