Әбшайықов Жақан ( Жақсылық)

1905 жылы Жаңабет ауылында дүниеге келген.1968 жылы өмірден өтті.
Жауынгерлік жолы. Куйбышев аудандық әскери комиссариатынан 1941 жылы шақырылған.1941 жыл 3 қазан айында Ресейдің Чкаловиоблысы Орск зауатында жұмыс істеді.1942 жылы 12 наурызда майданға аттанды.1942 жылы Сталинград соғысына қатысып,екі аяғынан жарықшық тиіп жараланып, 18 күннен кейін автокөлік бригадасына ауысты.Тамыз айына дейін Беларус майданында болып,Варшаваға жіберілді.Сол жерде 1945 жылдығ 4 шілдесіне дейін автокөлік бригадасында әскери ұста болып еңбек етеді.
Еңбек жолы. Қарулас жауынгерлермен бірге мехнатты жылдардың қайғы-қасіретін қатар тартқан ұста елге оралғаннан кейін өзінің көрік үйінде елдің керек-жарағы үшін темірден түрлі заттар соғып, шаруасын дөңгелеткен ақын,батагөй жан болды.

Әскердегі тегі автокөлік бригадасы

Атағы