Досымбеков Әлмаханбет 1918 жылы мамыр айының бірінші жұлдызында Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келген. Шу ауданының қазақ орта мектебін бітіргеннен соң, Шымкент педагогикалық институтына оқуға түскен. 1939 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды, сол жерден соғысқа аттанды. Калининград майданында соғысқан. Мәскеу түбіндегі шайқастарға қатысқан. 1943 жылы қаһармандық пен өшпес ерлiгі үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталды. Барлық медальдары Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылындағы мұражайда сақтаулы, оның ішінде: медаль «За победу над Германией в Великой отечественной войне 1941-1945 гг.», медаль «За взятие Кенигсберга», медаль «За победу над Японией» және көптеген медальдар. Соғыс зардабы кім – кімге де ес жиғызған жоқ. 1945 жылы соғыс аяқталса да, соғыстан кейінгі уақыт ең қиын кезеңдердің бірі болды. Соғыс біткен соң армия қатарында қызмет еткен. Елге 1947 жылы оралған. Ең жоғары лауазымы «Старший оперуполномоченный МГБ СССР» болған. Шымкенттегі мемлекеттік мұғалімдер институтын 1957 жылы толық курсын мамандығы бойынша бітіріп шықты. Соғыстан кейінгі жылдардағы қызметтері тергеуші, сот, аудандық газеттің редакторы, әр жылдары басылымды басқарған, Шу ауданының білім бөлімін басқарған, интернат пансионатының директоры болып қызметтер атқарған. Досымбеков Әлмаханбет 1977 жылы 19 маусымда дүниеден өтті. 9 бала тәрбиелеп өсірген.
1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысының ардагері.
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды…
05.05.2023 жыл.
Досымбеков Әлмаханбет
