Ерғали Есжанов Майлықұм ауылында 1915 жылы туған. 1940 жылдан 1943 жылға дейін Қызыл Ту ауылдық кеңесінің хатшысы, 1943 жылы соғысқа аттанып, басқыншы жауды өз ұясында талқандауға дейінгі қиян-кескі ұрыстарға қатысады. Ұлы Жеңістен бір жылдан соң елге оралады. Соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңінде Ташкент ауыл шаруашылығы институтында оқыды. Оны бітіргеннен соң Шымкент облысының Сарыағаш ауданында агрономдық қызмет атқарды. 1967 жылы туған жерге оралып, Қызылорда облыстық шегірткеге қарсы күрес экспедициясының Тереңөзек ауданы бойынша бөлім бастығы болып еңбек етті. Ұлы Отан соғысының ардагері, атақты бағбан, агроном Ерғали Есжанов ауданның «Серікбай» түбегінде тұңғыш жеміс бағын ашты. Туған жердің көркеюіне, гүлденуіне елеулі үлес қосты. Ерғали Есжанов Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері үшін көптеген орден, медальдармен марапатталған.
Ағайынды жауынгерлердің бүгінде ұл-қыздары, немере-шөберелері ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, түрлі салада абыройлы еңбек етуде.
Есжанов Ерғали
