Ауғанбай Қайырбайұлы Тоқанов 1916 жылы, ШҚО, Күршім ауданында дүниеге келген. Қызыл әскер қатарына шақыртылмай тұрып, небәрі 17 жасынан бәрі Күршім ауданының комсомолдық ұйымының хатшысы қызметін атқарған. 1940 жылы ақпан айынан бастап, әскери қызмет қатарына қосылған. Шақырту орны: Қазақ КСР-і, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Күршім аудандық әскери комиссариаты. Ауғанбай Қайырбайұлы 6-шы гвардиялық армияның «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған 200-ші атқыштар дивизиясының 661-ші атқыштар полкінде өзінің отан алдындағы әскери борышын өтеген.
Сұрапыл соғыста көрсеткен ерлігі үшін Қызыл жұлдыз, Ұлы Отан соғысы ордендерімен және ерлігі үшін, жауынгерлік еңбегі үшін медальдарімен марапатталған.
200-ші атқыштар дивизиясының құрамында 1941 жылы Украинаның оңтүстік-батыс алқаптарында әскери қозғалысын бастап, Киев және батыс Украинаның қорғаныс операцияларына байланысты жоспарларды жүзеге асырып, 1942-1943 жылдары көлемінде Беларусь мемлекетінің аумағын толықтай қамтып, 1943-1944 жылы Ресейдің солтүстік-батысындағы Фролово, Псковск көлдерінде, Ловать өзенінде өткен шайқастарға қатысып, 1944 жылы күз айларында Латвия мен Литвада Берзе, Дубиса өзендеріндегі сұрапыл шайқастарды басынан өткерген. Ауғанбай Қайырбайұлы Кеңес-Фин соғысына да қатысқан.
Ауғанбай Қайырбайұлы Тоқанов
