Ақмырзаев Мылтықбай

img20210415_19102008.jpg

1942 жылы Қармақшы әскери комиссариаты арқылы әскерге алынды.
1942 жылы тамыз айында Ладога көлі арқылы Ленинград қоршауына кірді. №946 атқыштар полкі автоматшылар ротасының бөлімше командирі сержант Ақмырзаев Мылтықбай Карель майданында жараланып, Ленинград госпиталынан шыққан соң жорық жолын ІІ Прибалтика майданында жалғастырды.
Нарва,Рига,Курляндия бағыттарында станокті пулемет қаруының командирі, полк барлаушысы болып ерлікпен соғысты.
Ақмырзаев Мылтықбай «Қызыл жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан» соғысы ордені, 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін медаль, алғыстармен мадақталған.

Әскердегі тегі Қармақшы әскери комиссариаты

Атағы «Қызыл жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан» ордені,, Германияны жеңгені үшін медаль