Тыл еңбек ардагері Қожагелдиев Шайбай Өсербайұлы 1929 жылдың 1 мамырында Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, (Көктерек) Амангелді елді мекенінде дүниеге келді. 1936 -1942 жылдар арасында Ақдала жеті жылдық мектепте оқыды. 1942 – 1945 жылдары колхозда әр түрлі жұмыс атқарды. Колхозда егін егуге көмектесті, мал бағуға көмектесті. Колхозда ер азаматтарды соғысқа алып кетуіне байланысты, колхозда егіннің басында жүріп көмектесті. Ел тағдыры сыналған сұрапыл соғыс сәттерінде қызу еңбек арқылы алыстағы ағайын әр сарбазға жылуын сездіріп, жігер берді. 1947 жылы аудан орталығында бухгалтерлік курсты тамамдап, 1947 -1948 жылдары Октябрь колхозында санақ жүргізуші боп еңбек етті. 1948 жылдан Талдыөзек мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасты. Арасында 1951 – 1953 жылдары Жамбыл педагогикалық училишені оқып, аяқтап, кейін сырттай “Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында” оқып жоғарғы білім алды. Қожагелдиев Шайбай “Еңбек”, “Амангелді”, “Фурмановка”, “Қарл Маркс”, “Киров” мектептерінде жұмыс істеп еңбекқорлығы арқасында “Ұлағатты ұстаз” атанды. 1970 – 1992 жылға дейін математика пәнінің мұғалімі қызметін атқарды. 1989 – 1990 жылдары “Ерен еңбегі” үшін Мақтау қағазы. “Үздік педагог” төс белгісі. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша “1941 – 1945 жылы Ұлы Отан соғысы жеңісінің 50 жылдық” медалі. 2004 жылы “Қазақстан Тәуелсіздігіне мерекелік” медалі мен марапатталды. 2005 жылы “Бірлік ауылының Құрметті азаматы”. 2010 жылы “Ұлы жеңістің 65 жыл” медалі мен марапатталды. Жары Шынжарбекқызы Анаркүлмен жанұяларында 10 қыз, бір ұл мәпелеп өсірді.
Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл ардагерлерінің бүгінгі ұрпақ үшін жасаған ерлігі мен еңбегіне мың тағзым.
Қожагелдиева Шайбай Өсербайұлы
