Қағазов Зәки

Қағазов Заки 1923 жылы 1 қаңтарда Зайсан ауданының Сауыр тауы, Аршаты сайында дүниеге келген. 1944 жылы майданға аттанып, соғыста генерал Панфиловтың дивизиясында Б.Момышұлы қолбасшылық еткен полктің құрамында Белоруссия, Украина, майдандарында 317 атқыштар дивизиясының құрамында қатысты. 1950 жылы елге оралып, тыл ардагері Тапталова Батима Тапталқызымен шаңырақ көтерді. 6 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірді. Зайсан ауданының құрметті азаматы атанды. 1949 жылы берілген «Кеңес Армиясы мен Флотының ххх жылдығы», «Жапонияны жеңгені үшін», «Германияны жеңгені үшін», 2 дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордені, «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғыс» ардагері», 1997 жылы берілген Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков медалі және «1941-1945 Ұлы Отан соғысы жеңісінің 30,40,50,60,70» жылдық мерекелік медальдарымен және «Астанаға – 10 жыл» , Еңбек ері медалімен марапатталған.

Әскердегі тегі Генерал Панфиловтың девизиясында Б. Момышұлы қолбасшылық еткен полктің құрамында,317 атқыштар девизиясының құрамында қатысты.

Атағы «1941-1945жылдары Ұлы Отан соғысы ардагері