Жанаев Далабай

«Память народа» сайтына орналастырылған, құпиялылығы алынған, мұрағаттық құжат- # 1116 артилериялық-гаубицалық полктың 1945 жылғы 27 қаңтардағы # 03-14 бұйрығында былай баяндалған екен.
Советтік Социалистік Республикалар Одағының Жоғарғы Кеңесі Президиумының атынан, неміс басқыншыларына қарсы майданда, жауынгерлік тапсырманы үлгілі орындағаны үшін жəне де батылдық пен ерлік көрсеткені үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады деп жазылған.
Əрі қарай, осы бұйрықта екінші болып тұрған, 5 батареяның шофері, қызылəскер Джанаев Далабайдың жасаған ерлігі қандай жағдайда болғанын сипаттайды.
6500 миль жүріп өткен жолы бар машинасын бірде-бір апаттық жағдайға ұшыратып, сындырмаған.
Артилериялық шабуылға дайындық барысында 150-200 шақырымдық рейстен оқ-дəріні дер кезінде жеткізген. Жабдықтау барысында ағаш материалдарын жеткізу кезінде, жаудың минометтік оқ жаудыруының астында қалған жолдас Джанаев машинаны қауіпсіз жерге алып шықты.
1925 жылы туған. Қазақ. Партияда жоқ. 1942 жылдан бастап, Қызыл Армия құрамында. 1944 жылдың 15 желтоқсанынан бастап қазіргі Армия құрамында. Қарағанды облысы, Жезқазған аудандық əскери коммисариатынан шақырылған деп баяндалыпты.
Міне, он тоғыз жасар қазақ жігітінің құжатта жазылып қалған ерлігі…

Род войск 1116 Гаубицалы-Артилериялық полк (Александр Невский орденді)

Звание Қызыл әскер (шофер 1116 ГА о АНП)