Акимжанов Ануарбек

1920 жылы Қостанай облысы, Торғай ауданы, Сарысу ауылында дүниеге келген. 1938 жылы Торғайда 7 сыныпты бітірген. 1940 жылы қазан айында әскерге алынып, ішкі істер әскерлерінің құрамындағы 323 конвой полкінде бөлімше командирі қызметін атқарды. Кіші сержант. Әскер қатарындағы ерлігі үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Ленинградтты қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» медальдарын алған. Отан соғысына қатысушы ретінде жеңістің, қарулы күштердің атаулы жылдарында мерекелік медальдармен алған. Елге 1946 жылдың аяғында оралған. Елге келгеннен кейін Алматыдағы есепшілердің алты айлық курсын тәмандап, ұзақ жылдар аудандық қаржы бөлімінің инспекторы міндеттерін атқарды. Кейін СПТУ да қойма меңгерушісі, «Речной» ұжымшарында кассир, мұнай базасында заправщик жұмысында болды. Зейнетке 1980 жылы шықты. 1996 жылы 6 қаңтарда дүние салды. Жұбайы Гүлбану екеуі 8 бала тәрбиелеп өсірді. Олардан қазір 20 немерелері бар.

Род войск 323 конвойский полк

Звание Младший сержант